Новости

Мектеп лига жарысының облыстық кезені / Областной этап соревнований школьной лиги

26.12.19 21:51

Облыстық білім басқармасының бұйрығына сәйкес мектеп лига жарыстарының футзал кезеңі қорытындыланды.
Жарыстың мақсаты: Оқушыларды дене шынықтыру және спорт жүйесі сабақтарына назарын аударту, дарынды жас спортшыларды анықтау, салауатты өмір салтын насихаттау, мектеп оқушылары арасындағы спорттық ойын түрлерін дамыту.
1-кезең.11-12 желтоқсан оқушылары күндері 5-6 сынып аралығында ұлдар мен қыздар арасында  №46 ЖОББМ және №37 ЖОББМ-де футзалдан жарыс өтті. Жалпы  11 команда 114 қатысушы болды.Соның ішінде, ұлдардан 8 команда (84), қыздар 3 команда (30) қатысты.

Читать полностью

 

Халықаралық фестиваль! / Международный фестиваль!

12.12.19 20:53

2019 жылдың 9-10 желтоқсан аралығында «Жайық бассейніне - таза жағалау және достық қарым-қатынас» акциясы шеңберінде «Біздің Жайық - наш Урал» экологиялық – туристік қозғалысының ұйымдастыруымен  қалалық «Атамекен» орталығы базасында және Жастар мен оқушылар сарайында  халықаралық фестиваль өтті. Фестивальге біздің облыс аудандарының командаларымен қоса, қонақ ретінде көршілес Ресей Федерациясының Орынбор облысының  Ташлинский, Первомайский, Илек  аудандарының және Орынбор қаласынан келген командалар қатысты. Фестиваль қорытындысы бойынша әділқазылар алқасының шешімімен біздің тәрбиеленушіміз Аймагамбетова Салтанат жетекшісі Н.А.Капустина фестивальдің үздік қысқа мәтінді суреті және үздік бейнеролигі аталымында орталықтың «Жайық-Урал» ролигі үздік деп танылды.

Читать полностью

   

«Туристік-өлкетану қызметінің кеңістігі: тәжірибе, ізденіс, қорытынды және жаңа міндеттер» семинар-кеңес қорытындысы / Итоговая информация о семинар- совещании директоров центра туризма

12.12.19 20:15

Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы оқу-әдістеме бөлімінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 10-11 желтоқсанында «Туристік-өлкетану қызметінің кеңістігі: тәжірибе, ізденіс, қорытынды және жаңа міндеттер» атты туризм орталықтарының директорларына арналған семинар-кеңес өтті. Семинар кеңеске Аудандық, қалалық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталықтары мен Жас туристер станцияларының директорлары қатысты. Семинар-кеңеске Жаңақала аудандық жас туристер станциясының директоры (Есмағұлов А.Ф) қатыспады.
Қатысушылар 10 желтоқсан күні 2019 жылғы атқарылған жұмыстардың есебін тапсырып, өткен жылды қорытындылады.
11 желтоқсан күні өткен семинар-кеңес орталықтың психологы А.Абаеваның өткізген тренингісінен басталды. «Құбыр» тренингі ұжым басшыларының бірлігін, ынтымақтастығын нығайтуға бағытталса, «Достық торы» тренингі арқылы бір-біріне достық қарым-қатынас ахуалына бағыттап, жұмысқа деген ынта – жігерін арттырды.

Читать полностью

   

Колледж лига жарыстарының облыстық кезеңінің қорытындысы туралы / Областной этап соревнований лиги колледжей

12.12.19 19:39

Колледж лига жарыстарының облыстық кезеңінің қорытындысы

Облыстық білім басқармасының 2019 жылдың 22 қарашадағы №780 бұйрығына сәйкес, желтоқсан айының 3,5,7 күндері Бөрлі ауданы,Бөрлі колледжі басзасында  колледж оқушылары арасындағы волейбол,баскетбол және шағын футболдан облыстық кезеңі өткізілді.
Жарыстың негізгі мақсаты  – оқушыларды дене шынықтыру және спорт жүйесі сабақтарына назарын аударту, дарынды жас спортшыларды анықтау, салауатты өмір салтын насихаттау, колледж студенттері арасындағы спорттық ойын түрлерін дамыту.

Читать полностью

   

ОБЖТ ж ЭО-да үйірмешілер арасында «Менің Отаным-Қазақстан» байқауы туралы қорытынды ақпарат / Информация об итогах конкурса "Менің Отаным-Қазақстан» среди кружков в ОЦДЮТиЭ

10.12.19 22:03

2019 жылдың 20 қарашадағы  ОБЖТ ж ЭО-нда  №170 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және ҚР Тәуелсіздігі күніне орай 30 қарашада болашақ ұрпаққа Елбасы Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат  беру, Елбасының өмірін , еңбек жолын үлгі өнеге ете отырып,патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында  «Менің Отаным -Қазақстан» байқауы өткізілді.
Байқауға   25 үйірмеден 40 оқушы қатысты.

Читать полностью

   

«Федоровка – Донецк –Богдановка – Приречное – Тихоновка – Киров – Кеңтүбек - Ақсай» маршруты бойынша І қиындықты дәрежелі жаяу жорығының қорытынды сараптамасы

10.12.19 20:52

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын қолдау мақсатында 2019 жылдың қараша айының 30-ы мен желтоқсан айының 6-ы күндері аралығында Жас туристер станциясының ұйымдастыруымен «Федоровка – Донецк –Богдановка – Приречное – Тихоновка – Киров – Кеңтүбек - Ақсай» маршруты бойынша І қиындықты дәрежелі жаяу жорығы өткізілді. Жаяу жорығына қатысушылардың адамгершілік және азаматық – патриоттық сезімге тәрбиелеу, жас туристердің туристік біліктіліктерін арттыру мақсатында оздырылды.
Жаяу жорығына қатысушылардың құрамында: Жас туристер станциясының қосымша білім беру педагогтары Сабитов А.Т, Изимгалий А.С, Тлепқали А.С, Ералиев Т.К, Қасым Н.Р, Сагиналиев И.Е (Ақсай қ. № 3 ЖОББМ) Мергенбаев Т.А (Ақсай қ. № 5 ЖОББМ), Қуандыков М.Т (Ақсай қ. № 6 ЖОББМ), Мухамбеткереев Р.К (Тихонов МБК), Орынов Т.Г (Пугачев МБК,), Еркін Ж.А (Қанай МБК) қатысып қайтса, жаяу жорықшыларға туризм бөлімінің әдіскері Е. Сәрсенгалиев пен Б.Насыров жетекшілері ретінде жорыққа алып шықты.

Читать полностью

   

Мектеп оқушылары арасындағы бокстан облыстық «Алтын қолғап» турнирінің қорытынды ақпараты / Информация об итогах областного туринира по боксу среди школьников "Алтын қолғап»

09.12.19 22:01

Білім басқармасының 2019 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес 22.11.2019 ж №779 бұйрық негізінде, ағымдағы жылдың 05-08 желтоқсан аралығында «Оқушылар сарайында» жастар мен жасөспірімдердің денсаулығын арттыру, олардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене тәрбиесі мен бұқаралық спорт жүйесін дамыту және талантты жас спортшыларды іріктеу мақсатында мектеп оқушылары аралығында бокстан «Алтын қолғап» турнирі ұйымдастырылды. Жарысқа 19 жас ерекшелігі бойынша барлығы 11 команда  113 спортшы қатысты. Жарысқа аудандар бойынша  Бәйтерек ауданы, Ақжайық ауданы, Тасқала ауданы, Сырым ауданы, Орал қаласынан спорт клуб «Олимп», Спорт клуб «Арена», спорт клуб «Бәйтерек», Желаев ауылы командасы, «Оқушылар сарайы» командасы, №3 ОБЖСМ және БҚО мектеп-интернаты оқушылары қатысты.

Читать полностью

   

Үйірмешілер арасындағы жарыс / Соревнования среди кружков

09.12.19 21:36

7 желтоқсан күні облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының туризм және қауіпсіздік маршруттар бөлімінің ұйымдастыруымен үйірмешілер арасында тау туризм техникасы мен тактикасынан жарыс өткізілді. Бағдарламаға сай кіші, орта, үлкен топ бойынша сайысқа түсті. Өкінішке орай кіші топтан команда қатыспады. Түске дейін туризм және спорттық бағдарлау бөлімдерінің жоғары топ үйірмешілері бақ сынаса, түстен кейін орта топтың үйірмешілері жарысты. Туризм және қауіпсіздік маршруттар бөлімі және спорттық бағдарлау бөлімдерінің жоғары топтарына «техникалық» қашықтығы, орта топқа «байлам» қашықтығы, ал өлкетану және экология бөлімдерінің орта және жоғары топтарына «эстафета» қашықтығы өткізілді.
Өлкетану және экология бөлімдеріне бір,  туризм және спорттық бағдарлау бөлімдеріне жарыстың қорытындысы бөлек есептелді. Қорытындысы бойынша жалпы саны (44 қатысушы) қатысты.

Читать полностью

   

Мектеп лига жарысының облыстық кезені / Областной этап соревнований школьной лиги

09.12.19 20:29

Облыстық білім басқармасының бұйрығына сәйкес мектеп лига жарыстарының баскетбол кезеңі қорытындыланды.
Жарыстың мақсаты: Оқушыларды дене шынықтыру және спорт жүйесі сабақтарына назарын аударту, дарынды жас спортшыларды анықтау, салауатты өмір салтын насихаттау, мектеп оқушылары арасындағы спорттық ойын түрлерін дамыту.
1)  19-22 қараша күндері аралығында 5-6 сынып оқушылары (ұлдар мен қыздар) арасында баскетбол жарысы өтті. Жалпы  7 команда 60 қатысушы болды.Соның ішінде, ұлдардан 4 команда (36), қыздар 3 команда (24) қатысты.

Читать полностью

   

«Өз жеріңді танып, біл» акциясы туралы ақпарат / Информация об итогах прведения акции «Познай свою землю»

01.12.19 18:57

Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының елдің өңірлері бойынша «Өз жеріңді танып, біл» атты жаппай мектеп туризмін жандандыру бойынша шараларды қабылдауға қатысты 98-тармағын орындау,  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру. Осы ережелерді жүзеге асыру мақсатында БҚО білім басқармасы БҚО-ның барлық білім беру ұйымдарында (жалпы білім беретін мектептердің мектепке дейінгі мекемелерінде, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында) «Өз жеріңді танып, біл» атты экскурсиялар мен жорықтар акциясы оздырылды. Акцияға қаланың және аудан мектептерінің оқушылары мен педагогтары қатысты.

Толық оқу ... / Читать полностью...

   

В.П Фоминді еске алуға арналған жаяу туризм техникасынан жарыс / Соревнования по технике пешеходного туризма, посвященные памяти В.П. Фомина

27.11.19 20:19

2019 жылдың 18-19 қараша күндері аралығында Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Донецк ауылында «Барбастау» туристік базасында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының директоры В.П Фоминді еске алуға арналған жаяу туризм техникасы мен тактикасынан жарыс ұйымдастырылды. Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының («Атамекен» және «Жас Ұлан») үйірмешілер командасы қатысты, жетекшілері Нәсіпқалиев Медет  пен Халенов Ұлан. Команда құрамында 3 ұл,  2 қыз, 1 қосымша қатысушы, 2 жетекші болды.  Жарысқа жалпы саны 12 команда Ақжайық ауданы, Бәйтерек ауданы, Бөрлі ауданы, Сырым ауданы, Теректі ауданының Ақсуат ЖОББМ, Новопавловка ЖОББМ, Магистральный ЖОББМ, Подстепный ЖОББМ, Ұзынкөл ЖОББМ, Федоровка ЖОББМ мектептерінің командалары қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында Теректі ауданының әкімі Жоламанов Әділ Тауфихұлы жарысқа қатысушыларға құттықтау сөз  сөйлеп, сәттілік тіледі.

Читать полностью

   

Страница 3 из 92

<< Начало < Предыдущая 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Следующая > Последняя >>
joomla template