Ашық есік күндері!/Дни открытых дверей!

2018 жылдың 20 қыркүйегі мен 25 қазан аралығында балалар туризмінің айлығы аясында Облыстық балалар жасөспірімдер туризмі және экология орталығындағы Балалар туризмі тарихы музейінде ашық есік күні өтілуде. Музейге қаламыздағы М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ –нің, АТИСО, технологиялық колледжі сонымен қатар басқа да оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушылары белсенді қатысуда. Балалар туризмі тарихы музейі Республикамыз бойынша туризмді насихаттайтын бірден – бір музей болып табылады. Музейге келушілер 1995 жылы негізі қаланған Балалар туризмінің тарихынан сыр шертетін экспонаттармен тануысуға тамаша мүмкіндік алады. Бұл жерден таңғажайып туризм әлемі тарихындағы ардагерлердің жетістігі, түрлі бағыттағы жорықтар мен экспедияциялар, экскурсиялар, спорттық құрал-жабдықтар мен мадақтамалар т.б. көрсетілген. Балалар туризмі саласының кең көлемде танылуы Светлана мен Виталий Шиковтардың жұмыстарынан көруге болады. Бұған музейдегі пікір қалдыру кітабындағы жазбалар куә.


В рамках месячника детского туризма, с 20 сентября по 25 октября 2018 года, в музее Истории Детского туризма при областном центре детско-юношеского туризма и экологии – клуб ЮНЕСКО проходят Дни открытых дверей. В течение этого времени музей активно посещают студенты ЗКГУ им. М.Утемисова, АТИСО, технологического колледжа и других учебных заведений, а также учащиеся СОШ. Посетителям предлагается ознакомиться с прекрасной профильной экспозицией единственного в нашей Республике музея Истории детского туризма, который работает с 1995 года и по сей день. В музее представлена подлинная история удивительного мира туризма, достижения его ветеранов и наших современников, экспозиции спортивных снаряжений и награждений и многое другое. Большая диорама с показом различных сфер деятельности детского туризма работы Светланы и Виталия Шиковых никого не оставляет равнодушным, о чем свидетельствуют записи в Книге отзывов музея.

joomla template