ОБЖТжЭО-ы үйірмешілері арасында өткізілген «Алғашқы алау»/«Первый костер» среди кружковцев ОЦДЮТиЭ

Батыс Қазақстан облысында балалар туризмі айлығы аясында 2018 жылдың 29 қыркүйегінде " Евразия "ТСК-і базасында қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, қатысушылардың спорттық, техникалық және тактикалық шеберлігін арттыру, педагогтар мен оқушылар арасында тәжірибе алмасу мақсатында ОБЖТжЭО-ы үйірмешілеріне  арналған дәстүрлі «Алғашқы  алау» іс-шарасы өтті.
Бағдарламаға сәйкес үйірмешілер далалық жағдайда жайғасып, алау алаңында шараның салтанатты ашылуы болды. Алауды жағу мәртебесі спорттық бағдарлау және экологиялық туризм бөлімдерінің оқушыларына берілді. ОБЖТжЭО -ның әрбір бөлімі үйірмешілерді (әсіресе бірінші оқу жылындағыларды) өз бағытының жұмысымен таныстырды. Туризм жөніндегі нұсқаушылар оқушыларға әмбебап сақтандыру жүйесін қалай дұрыс кию керектігін және «Траверс», «Аспалы өткел», «Маятник», «Параллель өткел» қашықтықтарында қалай жұмыс істеуге болатынын көрсетті. Спорттық бағдарлау бөлімі оқушыларды спорттық бағдарлау ұғымымен таныстырып, оларға компас және спорттық бағдарлау карталарының түрлері туралы жалпы түсінік берді. Өлкетану және аймақтық ынтымақтастық бөлімі кітапханамен бірлесіп оқушыларға «Рухани жаңғыру – ұлттық жаңғыру» тақырыбында бейнероликтер көрсетіп, «Рухани керуен» викторинасын өткізді. Экологиялық туризм бөлімі «Турист, өз ағашыңды отырғыз» акциясын өткізді және жұпаргүл алаңында 51 жұпаргүл көшеттерін отырғызды. Спорт және дене шынықтыру бөлімінің қосымша білім беру педагогтары "Асық ату" жарысы мен спорттық эстафета өткізді.
Алда әлі көп іс-шаралар бар, бірақ бұл, әрине шаралардың  ішіндегі ең қызықтысы!


В рамках месячника детского туризма в Западно-Казахстанской области,  29 сентября 2018 года на базе  ТОК  «Евразия», в целях воспитания казахстанского патриотизма, профилактики здорового образа жизни,  повышения спортивного, технического и тактического мастерства участников, обмена опытом между педагогами и учащимися,  состоялось традиционное мероприятие для  кружковцев ОЦДЮТиЭ - «Первый костер».  
Согласно программе кружковцы разместились в полевых условиях,   состоялось торжественное открытие  на костровой поляне. Право разжечь костер было предоставлено учащимся отделов спортивного ориентирования и экологического туризма. Каждый отдел ОЦДЮТиЭ познакомил кружковцев (особенно первого года обучения) с работой своего направления. Инстукторы по туризму   объяснили  учащимся как правильно надевать универсальную страховочную систему и  показали работу на дистанциях  «Траверс», «Навесная переправа», «Маятник», «Параллельная переправа». Инструкторы отдела спортивного ориентирования ознакомили учащихся с понятием спортивное ориентирование, дали общее понятие о компасе и видах карт в этом виде спорта. Сотрудники отдела краеведения и регионального сотрудничества, а также библиотеки  провели для учащихся показ видеороликов на тему «Рухани жаңғыру – ұлттық жаңғыру» и викторину «Рухани керуен».   Сотрудники отдела экологического туризма провели акцию «Посади свое дерево, турист» и посадили 51 саженец сирени  в сирингарии. Педагогами дополнительного образования отдела спорта и физической культуры  были проведены  соревнования по  «Асық ату» и спортивная эстафета.
Впереди ещё много мероприятий, но это, безусловно, одно из самых любимых!

joomla template