Денсаулық күні

2018 жылдың 03 ақпан күні «Реабилитациялық туризм» бөлімінің ұйымдастыруымен «Денсаулық күні» шарасы  аясында «Самал» ТЛ-де «Балықтарға ауа», «Ойықтар  ою» акциясы, кіші топтар арасында «Көңілді эстафета» ұйымдастырылды. Шараның ашылуында бөлім меңгеруішісі В.Мазуренко сөз алып, жоспармен таныстырып өтті. Ал  орта топтар «Көкжиек» (жет. Е.Саханов), «Жас турист» (жет. Р.Альмуханова), «Болашақ» (А.Адилова), «Руханият 1,2» (А.Батырова) үйірмелерінің оқушылары   «Самал» ТЛ – «Октябрь ауылы –  Самал ТЛ» маршруты бойынша демалыс күнгі шаңғы жорығына шықты.    
Жорық кезіңде оқушылар шаңғы туризмі техникасымен танысып, қиындықтарды игерді.   Жорықтан соң оқушыларға  «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" қызметкелері оқушыларға  түскі ас мәзірін ұсынып, естелік сыйлықтар табыс етті.
Шараға сонымен қатар «Следопоты» үйірмесінің оқушылары (жет.Ф.Сарсенғалиев) белсене қатысты. Шараның жалғасы  «Балықтарға ауа» және  «Ойықтар ою» акциясымен жалғасты. Шараны ұйымдастыруға қолдау  көрсеткен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ұжымына Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының үйірмешілері атынан  алғысымызды білдіреміз. Осындай бірлескен жобалар өз жалғасын  тапса,  нұр үстіне  нұр болар еді.

«Жас турист» үйірмесінің жетекшісі: Р.С. Альмуханова

joomla template