Мероприятия

«Қыс қызығы» демалыс күнгі жорық

Туризм салаларының бір формасы – туристік–өлкетану қызметі мектептегі сабақтардан тыс жасалатын жұмыс. Бұндай туризм формасы балалардың өз өлкесін, тарихын танып білуіне үлкен мүмкіндік береді. Туризмнің осы түрі арқылы  оқушылардың қызығушылығын арттыруға болады, себебі олар өз өлкесіне экскурсия жасау барысында көптеген тың мәліметтермен толығады.
2020 жылдың 25 қаңтар күні Облыстық балалар мен жасөспірім туризмі және экология орталығының «Туған өлкем» туристік-өлкетану  үйірмесі (Жетекшісі А. Еркингалиева) №10 Ахмет Байтұрсынов атындағы ЖОББМ - «Самал» ТЛ – Октябрь ауылы - №10 Ахмет Байтұрсынов атындағы ЖОББМ маршрутымен демалыс күнгі шаңғы жорығын ұйымдастырды.
«Туған өлкем» туристік-өлкетану үйірмешілері жорық барысында шаңғымен жылжу арқылы 3 шақырым жүріп өтті. Шынайы кедергілерге, ең бастысы, жаяу жүруді жатқызуға болады, себебі қатысушылар үшін ең басты қиыншылық ол бірнеше километр жүру болды. Оқушылар өз күштерімен маршруттардағы әр түрлі кедергілерді және жорық барысындағы өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңе білді.

Толық оқу ... / Читать полностью...

 

Ұлы Отан Соғысының 75 жылдығына арналған «Желбіре Жеңіс жалауы!» байқауы / Областной конкурс «Подвигу жить в веках!», посвященный 75-летию Победы в Великой Отечественной войне

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы  «Ұлы Жеңістің 75 жылдығы» және «Еріктілер жылы» аясында «Желбіре Жеңіс жалауы!» байқауын өткізеді.
Мақсаты: Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысында ар мен намысты ту еткен батырлар рухына тағзым ету, Қазақстандықтардың ерен ерліктерін бағалай білу мақсатында жас ұрпақ бойына Отанға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, азаматтыққа және әскери - патриоттық рухта тәрбиелеу.
Облыстық байқауға аудандық (қалалық) кезеңдерде үздік нәтижелер көрсеткен БҚО-ң аудандары мен Орал қаласының 7-10 сынып оқушылары қатысады.
Байқау 3 кезеңнен тұрады:

  • мектепшілік (қаңтар,ақпан);
  • аудандық (наурыз, сәуір);
  • облыстық (4-6 мамыр, 2020 ж)

Байқау бағдарламасы бойынша 3 бөлімнен тұрады:
I бөлім – «Менің ауылым – соғыс  жылдарында» (іздестіру – зерттеу жұмыстарын қорғау);
ІІ бөлім  – «Ардагерге құрмет-ұрпаққа міндет» (Челлендж);
III бөлім – «Жеңіс вальсі»  (театрландырылған көрініс).


Областной центр детско – юношеского туризма и экологии Управления образования акимата Западно-Казахстанской области в рамках празднования 75-летия Победы в Великой Отечественной войне и Года волонтера проводит  конкурс «Подвигу жить в веках!».
Целью проведения Конкурса является формирование и развитие чувства патриотизма у подрастающего поколения через уважение к историческому прошлому своего Отечества, содействие гражданско-патриотическому и духовно-нравственному воспитанию подрастающего поколения.
В конкурсе принимают участие учащиеся 7-10 классов, районов нашей области и города Уральска.
Конкурс проводится в  3 этапа:

  • школьный этап (январь, февраль);
  • районный этап (март, апрель);
  • областной этап (4-6 мая 2020 г)

Областной этап конкурса «Подвигу жить в веках!» состоит из 3-х частей:
Часть I – защита поисково – исследовательских работ «Моя деревня в годы войны» (1941-1945 г. г.).
Часть II – «Ардагерге құрмет - ұрпаққа міндет». Челлендж.
Часть IIІ – театрализованное представление «Вальс Победы».

Ұлы Отан Соғысының 75 жылдығына арналған «Желбіре Жеңіс жалауы!» байқауының ережесі

Положение о проведении конкурса «Подвигу жить в веках!», посвященный 75-летию Великой Отечественной войны

   

Облыстық «Әр білім мекемесінде – музей!» акциясының ережесі

Облыстық «Әр білім мекемесінде – музей!» акциясының ережесі

   

«Өлкетану және халықаралық ынтымақтастық» бөлімінің 2020 жылғы жұмыс жоспары

Орал 2019

«Өлкетану өзінің туған жерінді аялауды, сүюді ғана үйретіп қоймайды, сондай-ақ ол туралы білуіңді, тарихқа, өнерге, әдебиетке деген қызығушылық танытуға, мәдениет деңгейін көтеруге үйретеді»
Лихачев Д.С.


Білім беру жүйесін жаңғырту барысында оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен  жаңа технологияларды пайдалану, динамикалық жағдайында ығармашылықпен және белсенді қызмет жасау, білім беру саласын цифрландыру,түрлі технологиялық тәсілдер арқылы қарқынды дамуда. Осындай цифрландыру заманында патриоттық және азаматтық тәрбие беру, отаншылдық тәрбиесі назардан тыс қалмауы тиіс. Қосымша білім беру саласы балалар мен жасөспірімдерге кез келген жағдайда да шығармашылық белсенділігін дамытуға бағыттайды.
Жасөспірімдерді Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – аға ұрпақтың аса маңызды әрі жауапты да қадірменді парызы болып саналады. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, «ұлтжандылық», «отансүйгіштік», «патриотизм» ұғымдары өмір сүріп отырған заманның наным-сенімінен туындайды. Қазақ халқының өмір сүру дағдысы, тұрмысы, салт-дәстүрі жайлы білу, соны сақтап кейінгіге үйрету бәріміздің  парызымыз.
Сондықтан педагогтар өз қызметінде біріншіден, терең патриотизм – Отанға, Қазақстанға, өз халқына деген сүйіспеншілік; екіншіден, халықтар достығы идеясын ұстану және насихаттау керек.
«Өлкетану және аймақаралық ынтымақтастық» бөлімі Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және  «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары  аясында, «Жастар жылы» шеңберінде жоспарлы жұмыс жасады. Жалпы облыс бойынша өлкетану бағытында 201 үйірмеге 2902 оқушы қатысады.  Ал бөлім бойынша    2019 - 2020 оқу жылында 12 үйірме 128 оқушы (2018-2019 жылы 11 үйірме, 158 оқушы) қамтылып, өлкетану ісімен шұғылданады. Бөлімде:  жоғарғы санатты – 1 (Сарсенғалиев Ф.С.),                1-ші санатты – 2  (Қайрлиева Қ.Ж, Альмуханова Р.С.),  санаты жоқ - 2  қосымша білім беру педагогтары қызмет етуде.

Толық оқу ... / Читать полностью...

   

Республикалық Қазақстан халықтар Ассамблеясының «Елтану» туристік-өлкетанулық экспедициясының қорытынды ақпараты / Информация о проведении Республиканской туристско-краеведческой экспедиции Ассамблеи народа Казахстана «Елтану»

2019 жылдың 26-29 маусым күндері «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология облыстық орталығы жоспарына сай, республикалық  «Қазақстан халықтар Ассамблеясының«Елтану» туристік-өлкетанулық экспедициясы ұйымдастырылды.  
Экспедицияға орталықтың белсенді үйірмешілері: көп балалалы жанұя,  толық емес отбасы, «Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ, облыстық есту мен сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат  кешенінің оқушылары қатысты.   Экспедицияға қатысушылар Ақтөбе қалалық жас туристер станциясының жанындағы Өрлеу ауылындағы  «Достық» лагерінде орналасты.
Экспедицияның мақсаты: жас ұрпақты азаматтыққа және патриоттыққа тәрбиелеу,  өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатып, өлкетану ісіне баулу, еліміздің тарихын танып білу, рухани-мәдени мұраларды сақтау және көпшілік мектеп туризмін дамыту.

Читать полностью

   

Облыстық “Жайық толқыны” өлкетану фестивалінің анонсы / Анонс областного краеведческого фестиваля «Жайык толкыны»

Облыстық  “Жайық толқыны” өлкетану фестивалі 2019 жылдың 13-15 наурыз аралығында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен Орал қаласы, «Евразия» ТСК-де өтеді.   
Фестиваль Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласының  аясында  өтеді.
Мақсаты: Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, халықтық салт-дәстүрлермен, әдебиетімізді дәріптеу; жеке тұлғаның бойына рухани адамгершілік қасиеттер мен мәдени құндылықтарды, ұлттық рухымызды  сіңіру; жеке тұлғаның шығармашылығын дамыту, дарынды оқушыларды анықтау.
Облыстық фестивальге аудандық (қалалық) кезеңдерде үздік нәтижелер көрсеткен БҚО-ң аудандары мен Орал қаласының құрама командалары қатысады. Қатысушылардың жас ерекшелігі 13-15 жас. Қатысушылар саны 7 қатысушы және 1 жетекші.

Читать полностью

   

ІІ Халықаралық «Жас ғалым» ғылыми жобалар байқауы / ІІ Международный конкурс научных проектов

В Астане завершился ІІ Международный конкурс научных проектов «Молодой ученый», который проводился в рамках Программы модернизации общественного сознания «Рухани  Жангыру». В номинации «Общественно-гуманитарный цикл». кружковцы ЗКОЦДЮТиЭ  отдела краеведения и регионального сотрудничества, кружок «Кен дала»(руководитель Сарсенгалиев Ф.С)  учащийся Чужов А, занял 1 место, учащийся Борзиков Д, занял 2 место.
Эти научно-исследовательские  работы явились закономерным итогам работы ОЦДЮТиЭ  по темам  туристко-краеведческих экпедиций.


Астана қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ІІ Халықаралық «Жас ғалым» ғылыми жобалар байқауы өтті. «Қоғамдық –гуманитарлық» бағыты бойынша ОБЖТжЭО-ның «Өлкетану және аймақаралық  ынтымақтастық» бөлімінің «Кең дала» үйірмесінің оқушылары А. Чужов – 1 орын, Д. Борзиков – 2 орындар иеленді.  Өлкетанулық экспедициялардың  қорытындысы ретінде  «Мәншүк даңқына тағзым» туристік-патриоттық экспедициясы»  тақырыбында жұмыстарын қорғады.

   

Акция!

   

«Рухани жангыру ұлттық сананы жаңғырту» атты музей сағаты/Музейный час «Рухани жангыру ұлттық сананы жаңғырту»

ОБЖТжЭО-ның «Балалар туризмі тарихы » музейінде «Рухани жаңғыру ұлттық сананы жаңғырту» атты музей сағаты өтті. Музей сағатына «Жайық жұлдыздары», «Жас геолог», «Жас өлкетанушылар» үйірмесінің оқушылары қатысты.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы шеңберінде, біз жыл басында Республикада бірінші болып ашылған «Рухани жаңғыру» музейінің қызметкерлерінің қатысуымен музей сабағын өткізіп, «Балалар туризмі тарихы» музейінде көрме ашып, «Самал» лагерінде киіз үйде «Рухани жаңғыру-ұлттық жаңғыру» тақырыбында фольклорлық шара өткіздік.
23 қараша күні «Рухани жаңғыру –ұлттық сананы жаңғырту» атты музей сағаты елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына арналады. Елбасы мақалада: Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы»,- деп атап өткен. Болашақ ұрпақ төл тарихын, салт-дәстүрімізді білетін, бағалайтын және мақтан тұтатын болып қалыптасуы қажет.

Читать полностью

   

Страница 1 из 13

<< Начало < Предыдущая 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Следующая > Последняя >>
joomla template