Мероприятия

Экологиялық туризм бөлімінің 2019 ж. жұмысы туралы есеп / Отчет о работеы отдела экологического туризмаза 2019 год

15.01.20 14:49

Экологиялық туризм бөліміменоқушылардың қоршаған ортаны қорғау мен экология мәселелерін оқу-тәрбие процесінде белсендіру, бағдарламалар әзірлеу және сараптамадан өткізу шаралары мен экологиялық бағдарлау, балық аулау, жарыстары өткізілді.
Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы облыстық табиғат ресурстарын реттеу және табиғатты пайдалану басқармасының қолдауымен Қараөзен жағасында 2019 жылдың 24-26 сәуір аралығында «Қызғалдақ көктем» халықаралық этномәдени фестивалі аясында «БҚО табиғат ескерткіштері» экологиялық экспедициясы өткізілді.Бұл экспедицияның мақсаты белсенді өмірлік  көзқарасы бар жеке тұлғаны және экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Экспедицияға 10 аудан, 60 қатысушы қатысты. Экспедицияны өткізу кезінде өзен жағалауы бойының қалдықтары жиналды, мыңнан астам тал көшеттері қалемшелеу арқылы отырғызылды, далалық зерттеу жұмыстары жүргізілді және экспедицияның соңғы күні осы жұмыстар бойынша оқушылар жобаларын қорғады.
«Жайық - Урал» туристік-экологиялық экспедиция шеңберінде су жорығы жетекшілерін дайындау семинары өткізілді. Семинарға 15 аудандық (қалалық) облыстық туризм және экология орталығының қосымша білім беру педагогтары. Семинардың теориялық бөлімінде қауіпсіздік ережелері, туристік – құралдардың қолдануытуралы сабақтар өткізілді.Семинардың практикалық бөлімі І қиындық категориялы су жорығы Январцево ауылы – Орал қаласы маршрутымен өткізілді. Семинарға М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің география кафедрасының оқытушылары экологиялық зерттеу жұмысын жүргізуге қолдау көрсетті.
25 маусым - 05 шілде аралығында бірінші категориялы қиындықтағы облыстық «Жайық-Урал» туристік-экологиялық экспедициясы  Жарсуат – Төңкеріс - Орал қаласы маршрут тізбегі бойынша  Жайық өзені арқылыөткізілді.  Оқушылар  320 шақырымды қайықпен  жүріп өтті.

Толық оқу ... / Читать полностью...

 

«Покормите птиц зимой» / «Құстарды қыста қоректендіру»

15.01.19 20:32

В кружках отдела экологического туризма руководителей Капустиной Н.А., Петченко С.В. и Гатауова Н.Х.  прошла экологическая акция «Покормите птиц зимой» по изготовлению кормушек и организации подкормки птиц. Целью акции является привлечение кружковцев  к активности по охране окружающей среды и бережному отношению к живой природе. Просим всех жителей города присоединиться к акции.


Экологиялық туризм бөлімінің жетекшілері Капустина Н.А., Петченко С.В. және Гатауов Н.Х.  құс азығын дайындау және құстарды қоректендіруді ұйымдастыру бойынша. «Құстарды қыста қоректендіру» атты экологиялық акциясы өтті. Акцияның мақсаты: үйірмешілерді қоршаған ортаны қорғау бойынша белсенділікке және тірі табиғатқа ұқыпты қарауға тарту. Барлық қала тұрғындарын акцияға ат салысуға шақырамыз.

Читать полностью

   

«Жайық-Урал 2018» туристік-экологиялық экспедициялар отрядтарының облыстық слетінің қорытындысы/Итоги областного слета экспедиционных отрядов туристско-экологической экспедиции «Жайық-Урал 2018»

04.11.18 19:15

2018 жылдың 31 қазаны мен 2 қараша аралығында «Евразия» ТСК базасында «Жайық-Урал  2018» туристік-экологиялық экспедициялар отрядтарының облыстық слеті өтті.
Слеттің мақсаты негізінен жас жеткіншектер арасында экологиялық тәрбие мен экологиялық мәдениеттілікті дамыту болып табылады.
Жарыс барысында қатысушылар «Жайық-Урал  2018» туристік-экологиялық экспедициялаының ІІІ кезеңі, «Орал өңірінің кіші өзендері» экологиялық-өлкетанулық экспедициясы, «Экологиялық акциялар» бойынша өткізілген шаралар презентациясы мен «Жайық-Урал  2018» туристік-экологиялық экспедициясының І кезеңінің  «Қорытынды бағдар есептері» сайыстары бойынша өз бақтарын сынады.
«Жайық-Урал  2018» туристік-экологиялық экспедициялар слетіне жалпы өңіріміздің 8 экспедициялық тортары  қатынасты. Жалпы қатысушы саны – 40.

Читать полностью

   

«Жайык -Урал 2018»/«Жайық-Орал 2018» экспедициялық отрядтарының облыстық слеті»

31.10.18 20:05

С 31 октября по 2 ноября 2018 года пройдет областной слёт экспедиционных отрядов туристско-экологической экспедиции «Жайык-Урал 2018г.
Организатор – Областной центр детско-юношеского туризма и экологии – клуб ЮНЕСКО. Открытие слёта состоится 1 ноября в 10.00 часов территории туристско-оздоровительного комплекса «Евразия».
Целью данного мероприятия является воспитание экологической культуры и повышение экологического образования средствами туристко-краеведческой деятельности.
В областном слете экспедиционных отрядов туристско-экологической экспедиции «Жайық-Урал 2018» и эколого-краеведческой экспедиции «Малые реки Приуралья» принимают участие экологические отряды, участвовавшие в вышеназванных экспедициях, а также экологических акциях (учащихся 7-11 классов).

Читать полностью

   

V Қазақстандық жас гоелогтардың далалық жағдайдағы олимпиадасының қорытындысы/ Итоги V олимпиады юных геологов

06.08.18 19:21

2018 жылдың 27 шілде мен 03 тамыз аралығында Ақмола облысы Бурабай курорты, «Балдәурен»  РОСК өткен V Қазақстандық жас гоелогтардың далалық жағдайдағы ашық олимпиадасына ЮНЕСКО клубы, БҚО балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының «Сармат» командасы қатынасты. Қазақстандық және көршілес орналасқан республикалардың жас геологтарының далалық жағдайдағы ашық олимпиадасының негізгі мақсаттары жас ұрпақтың арасында отансүйгіштікке және туған өлкеге деген сүйіспеншілдікпен қоса Қазақстанымыздың табиғаты мен бай минералдарын сақтауға бағытталған. Бұл олимпиадаға жалпы 20 команда қатынасты, соның ішінде Ресей Федерациясынан 2 команда, Қырғызстан Республикасынан 2 команда, Өзбекстан Республикасынан 1 команда және республикамыздың өңірлерінен жиналған 15жас геологтар командасы қатынасады. Бір жұма бойы Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Қазақстанымыздың жас геологтары өз білімдерін сынады. Олимпиада қатысушыларына уақытқа карьер макеттерін жасау, бағдар құру мен минерология және топографиядан өз білімдерін сынады.

Читать полностью

   

V Қазақстандық жас гоелогтардың далалық жағдайдағы олимпиадасы/V Казахстанская открытая полевая олимпиада юных геологов

26.07.18 19:57

2018 жылдың 27 шілде мен 03 тамыз аралығында Ақмола облысы Бурабай курорты, «Балдәурен»  РОСК өтетін V Қазақстандық жас гоелогтардың далалық жағдайдағы ашық олимпиадасына ЮНЕСКО клубы, БҚО балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының «Сармат» командасы қатынасуда. Қазақстандық жас гоелогтардың далалық жағдайдағы ашық олимпиадасының негізгі мақсаттары жас ұрпақтың арасында отансүйгіштікке және туған өлкеге деген сүйіспеншілдікпен қоса Қазақстанымыздың табиғаты мен бай минералдарын сақтауға бағытталған.  Бұл олимпиадаға республикамыздың барлық өңірлерінен жиналған жас геологтар қатынасады. Олимпиаданың тақырыбы кеңінен жаратылыстану бөлімдері мен жердің кешенді құрылымының өзара арақатынастығын айқындайды. Олимпиада бағдарламасы бойынша, жарыс кезінде әртүрлі геологиялық сайыстар, геологиялық байқаулар мен мәдени шаралар жоспарланған. «Сармат» құрама командасына сәттілік тілейміз! Жеңіспен күтеміз!

Читать полностью

   

Облыстық жас геологтардың слетінің қорытындысы туралы ақпарат/ Итоговая информация о V областном слете юных геологов

04.07.18 10:17

Қазақстанның геология ғылымының үздік іс-тәжірибелерін сақтау және дамыту, геологиялық өлкетануды дамыту мақсатында Теректі ауданының Шалқар көл жағасында 2018 жылдың 26-29 маусым аралығында V облыстық жас геологтардың слеті өткізілді. 
Слетке облыстың 8 ауданы мен Орал қаласынан 60 қатысушыны қамтыған 9 команда қатысты.
Слет 2 бөлімнен тұрды: геологиялық жарыс және геологиялық байқау.Геологиялық жарыс: геологиялық маршрут, геологиялық кесік, минералдарды анықтау,палеонтология, минералогия және  петрография, гидрометрия және өңдеуді байқап көру, қауіпсіздік техникасы негіздері және далада тұруды ұйымдастыру. Геологиялық байқау: таныстыру, «Геология және біз» көрмесі,  тастардан түрлі бұйымдар жасау, геологиялық фотосуреттер және суреттер, геологиялық ескерткішке сипаттама беру, геологиялық есеп.
Жарыс  республикалық геологиялық олимпиада ережелері бойынша өткізілді: геологиялық жарыс түрлері және геологиялық байқау.

Читать полностью

   

Зерттеу жалғасуда!/Исследования продолжаются!

21.06.18 22:15

Осы жылдың 11-15 маусым аралығында БҚО Погадаев ауылдық округінің Щучкино ауылында экологиялық-геологиялық экспедиция өтті. Экспедицияға: РФ геология-минералогия ғылымдарының кандидаты В.М.Ефимов, ҚР құрметті геологы Г.А.Якименко, география ғылымдарының кандидаты С.К.Рамазанов, БҚОблыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы-ЮНЕСКО клубы экологиялық туризм бөлімінің меңгерушісі Н.Х.Гатауов, сонымен  қатар О.В.Субботинаның және   А.С.Бекешевтің жетекшілігімен Зеленов аудандық жас туристер станциясының жас геолгтары қатысты.
Бұл экспедицияның мақсаты – өте сирек кездесетін және көзтартарлық олжа болып табылатын, бұдан бұрын ихтиозаврдың  сүйек қаңқалары табылған аумақты зерттеуді жалғастыру,
Экспедиция кезінде бұдан бұрын негізгі сүйек бөліктері байқалған орындар түгелдей қазылды және соған жақын жердегі аумақ  зерттелді.
Жоспарда – жаңа олжаны табу және ашудағы іздестіру жұмыстарын жалғастыру тұр!

Читать полностью

   

БҚО Жас геологтарының V облыстық слеті туралы анонс/Анонс V областного слета юных геологов ЗКО 2018

21.06.18 20:32

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы –ЮНЕСКО клубы, оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру, отаншылдық және азаматтылыққа тәрбиелеу, дарынды және талантты балаларды анықтау, сонымен қатар қазақстандық геология ғылымының үздік іс-тәжірибелерін жетілдіру және сақтау, геологиялық өлкетануды дамыту мақсатында 2018 жылдың 26-29 маусым аралығында Шалқар көлі жағасында (Теректі ауданы) БҚО Жас геолгтарының V облыстық слетін өткізеді. Слет екі бөлімнен тұрады: геологиялық жарыстар  мен байқаулар.
Геологиялық жарыстарға: геологиялық маршрутты салу, геологиялық кесіндіні зерттеу және сипаттау, минералдар мен тау жыныстарын анықтау, гидрометрия, өңдеуді байқап көру, палеонтология, далалық жағдайда Геологиялық байқауларға: команданы таныстыру, «Геология және біз» көрмесі,  тастардан ұсақ-түйек түрлі бұйымдар жасау, геологиялық суреттер мен фотографиялар, геологиялық ескерткішке сипаттама беру, 2 жылдық геологиялық есеп кіреді. Команда 6 қатысушы мен 1-2 жетекшіден тұрады.Қатысушылардың жас мөлшері 14-17 жас аралығы. Қатысушылар далалық жағдайда өмір сүру дағдыларын білуі тиіс, жеке және топтық құрал-жабдықтары, сондай-ақ арнайы құрал-жабдықтары (таулы-геологиялық компас, геологиялық балға, GPS-навигатор, шлихтау байқауынан өткізуге арналған астау, өлшейтін лента, нивелир, ватерпас, Моос шкаласы, минералдарды анықтауыш).
Жарыс геологиялық олимпиаданы өткізудің республикалық ережесі бойынша өтеді: геологиялық жарыстар мен байқаулардың түрлер жиынтығы. Слет жұмысына БҚОблыстық геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің  геолог- сараптамашысы Г.А.Якименко қатысады.

Читать полностью

   

Страница 1 из 5

<< Начало < Предыдущая 1 2 3 4 5 Следующая > Последняя >>
joomla template