Мероприятия

Бес асықтан Батыс Қазақстан облысының қашықтықтан онлайн турнирінің өткізілуі туралы

30.05.2020 19:18

21-23 мамыр күндері Облыстық білім басқармасының қолдауымен Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қашықтықтан ұйымдастыруыменБатыс Қазақстан облысының шахматтан онлайн блиц турнирі өткізілді.
Онлайн форматта өткізілген турнирдің мақсаты: мектеп оқушыларының спорттық шеберліктерін  және зияткерлік қабілетін жетілдіру.
Турнирге аудандардың және Орал қаласының білім мекемелерінің оқушылары тартылды. Жарысқа Казталов, Бәйтерек, Бөрлі, Сырым, Бөкейорда аудандары және Орал қаласынан барлығы 27 оқушы белсене қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында:
І орын – Тлепберген Таймас(Орал қаласы №44 ЖОББМ)
ІІ орын – Султанов Эльдар (Орал қаласы №24 ЖОББМ)
ІІІ орын – Бақтығали Бекзат (Казталов ауданы)
Қыздар арасында:
І орын – Хасанова Алиса (Бөрлі ауданы)
ІІ орын – Мурат Раушан (Орал қаласы С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп интернат)
ІІІ орын – Ерекешова Даяна (Орал қаласы №21 ЖОББМ) иеленді. Жарыс қорытындысы бойынша қатысушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі грамоталармен марапатталады.

Толығырақ...

   

Батыс Қазақстан облысында ұлттық ойын түрі бес асықтан онлайн блиц туринирі өз мәресіне жетті

25.05.2020 21:34

21-22 мамыр күндері Облыстық білім басқармасының қолдауымен Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қашықтықтан ұйымдастыруымен, оқушылардың денсаулығын жақсарту және салауатты өмір салтына тәрбиелеу сонымен қатар жастар арасында ұлттық спорт түрлерін насихаттау мақсатында  қашықтықтан Батыс Қазақстан облысының бес асықтан онлайн блиц турнирі өткізілген еді. Турнирге аудандардың және Орал қаласының білім мекемелерінің оқушылары тартылып,  аудан және қала мектептерінен барлығы 10 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын – Русланбекова Рысгүл
ІІ орын – Хасанова Альбина
ІІІ орын – Мулдашева Гүлдерай  иеленді. Жеңімпаздар медальдармен және  грамоталармен марапатталды.

Толығырақ...

   

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған Х жазғы Қазақстан оқушылары Гимназиадасының жартасқа өрмелеу жарысының облыстық кезеңінің қорытынды ақпараты

13.03.2020 21:33

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған Х жазғы Қазақстан оқушылары Гимназиадасының жартасқа өрмелеу жарысының облыстық кезеңі 10-13 наурыз күндері аралығында облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология орталығының жасанды жартас залында өтті. Жарыс бағдарламасына сай 2003-2004 жж.(жоғары топ), 2005-2006 жж.(орта топ), 2007 ж. және одан төменгі жылғы (кіші топ) қыздар, ұлдар арасында «қиындық» және «жылдамдық» қашықтықтары ұйымдастырылды. Жарысқа Ақжайық ауданы, Бәйтерек ауданы, Бөкей Ордасы ауданы, Қаратөбе ауданы, Теректі ауданы, Орал қаласы және ОБЖТжЭО-ның оқушыларынан құралған команда (60-қа жуық қатысушы) қатысты. 3 күнге созылған жарыс тартысты әрі қызықты және жоғары деңгейде өтті. 1ші күн – жарыстың іріктеу кезеңі;

Толығырақ...

   

Асық ату, бес асық жарыстарының республикалық кезеңі ұйымдастырылды

07.03.2020 21:28

1-5 наурыз күндері Тараз қаласында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Х жазғы оқушылар гимназиядасының шеңберінде ұлттық ойын түрлері асық ату, бес асық жарыстарының республикалық кезеңі ұйымдастырылды. Жарысқа еліміз бойынша 12 облыстан командалар қатысты. Батыс  Қазақстан облысынан А.Кабулов, А. Мырзагерееваның жетекшілігімен қатысқан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының құрама командасы жақсы  нәтиже көрсетіп финалдық ойында қола медаль еншіледі. Атап айтқанда, "Бес асық" ұлттық ойынында
қыздар арасында:

Толығырақ...

   

Колледж Спартакиадасы шеңберінде өткізілген футзал жарысының облыстық кезеңінің өткізілуі туралы қорытынды ақпарат

05.03.2020 21:24

2-5 наурыз күндері БҚАТУ және Жоғары аграрлық техникалық колледж базаларында колледж оқушылары Спартакиадасының футзал жарысының облыстық кезеңі өткізілді.
Жарыстың финалдық кезеңіне барлығы 12 команда ( ұлдар -8 команда, қыздар-4) қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында:
І орын – Жоғары аграрлық техникалық колледжі
ІІ орын – Бөрлі колледжі
ІІІ орын – Орал гуманитарлық колледжі
Номинация:
«Үздік қақпашы» - Шукуров Султан (Жаңақала колледжі)
«Үздік шабуылдаушы» - Садыков Нұртілек (Жоғары аграрлы техникалық колледжі)

Толығырақ...

   

1-наурыз Алғыс айту күніне арналған ОБЖТжЭО үйірме оқушылары арасындағы шахмат, дойбы жарысының өткізілуі туралы қорытынды ақпарат

02.03.2020 23:49

1 наурыз күні елімізде дәстүрлі атап өтілетін Алғыс айту күніне орай ОБЖТ ж Эо үйірмешілері  аралығында, интелектуалдық спорттық ойындарды  оқушылар арасында танымал ету, үйірмешілерді дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту және олардың аналитикалық, ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсатында «Самал» туристік лагерінде шахматтан және дойбыдан жарыстар ұйымдастырылды.
Шара 3 жас ерекшелігі (кіші топ, орта топ жоғары топ) бойынша өткізіліп, барлығы 17 үйірмеден 54 оқушы қатысты.
Жарыс швейцарлық тәсіл бойынша өткізілді. Жеңімпаздар жарыс хаттамасына сәйкес анықталынып, дипломдармен медальдармен марапатталды.

Толығырақ...

   

Үйірмешілер жетістігі.

18.02.2020 21:15

БҚО Бөрлі ауданының бокс спорт түрінің құрылғанына 30 жыл толуына орай 2020 жылдың 13-16 ақпан күндері 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында Ақсай қаласының «Қарашығанақ» спорт кешенінде әуесқой бокстан аудандық ашық турнир ұйымдастырылды. Турнирге барлығы 23 командадан 177 спортшы қатысып бақ сынады. Аталған шараға ОБЖТжЭО қосымша білім беру педагогі, жаттықтырушы Д.Қуанышалиевтің «Алтын қолғап» үйірмесінің  оқушыларыда қатысып жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Жарыс қорытындысы бойынша Мұрат Ершат – 3 орын және Талапов Ақболат – 3 орын иеленіп өте жақсы тәжірибе жинақтап қайтты.
Айта кету керек бұл оқушылар облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығына облыстық білім басқармасының бұйрығының негізінде 2018 жылы енгізілген «Дене шынықтыру және спорт» бөлімінің жанынан ашылған,  Даурен Қуанышалиев жетекшілік ететін бокс үйірмесіне алғашқы жыл қатысып жүрген жасөспірімдер.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз, алар асуларыңыз көп болсын!

Толығырақ...

   

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Колледж студенттерінің Спартакиадасының» шеңберіндегі қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық жарыстарының облыстық кезеңінің өткізілуі туралы ақпарат.

18.02.2020 20:06

17-18 ақпан күндері аралығында Облыстық білім басқармасының 2020 жылғы жоспарына сәйкес «Деркул» спорт кешенінде колледж студенттері аралығындағы І-ші Спартакиаданың шеңберінде қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық жарыстарының облыстық кезеңі ұйымдастырылды.
Жарысқа Орал қаласынан және БҚО колледждерінен 16-18 жас аралығындағы жастар қатысты.

1.    Қазақ күресі жарысы.
8 салмақ дәрежесі бойынша ұлдар және 6 салмақ дәрежесі бойынша қыздар, барлығы 16 команда 130 спортшы қатысып бақ сынады.
5- аудан командалары(Ақжайық, Жәнібек, Казталов, Жаңақала, Теректі аудандары), 11- облыс, қала колледж командалары.
Жарыс қорытындысы бойынша спортшылар төмендегідей нәтиже көрсетті.

Толығырақ...

   

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 Келесі > Соңы >>
joomla template